«Қазгидромет» 19-21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша ауа райы құбылмалы болады.
Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыс пен солтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Солтүстік-батыс антициклоны, өзінің әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжиды. Елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы түнде 3 градусқа дейін төмендейді.
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылы болады.