Биыл қаңтар-ақпан айларында Қазақстаннан 3520 адам шетелге кетсе, елге 2869 адам көшіп келген.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ТМД елдерінен келгендердің үлесі 87,3%, кеткендер – 79,2%. Ал ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 12,6%-ға азайды.
Ішкі көші-қон Нұр-Сұлтан (5 447 адам), Алматы (5 734 адам), Шымкент (776 адам) және Маңғыстау (7 адам) алдыңғы орында тұр.
Бұған дейін Қазақстаннан ЖСН алған ресейліктердің саны 14 есе көбейгенін жазған болатынбыз.