Белгілі әнші балаларға әлімжеттік көрсетіп, балағаттады
Белгілі әнші балаларға әлімжеттік көрсетіп, балағаттады
649
оқылды
Белгілі эстрада әншісі Ерлан Орынбасаровтың бейәдеп сөз айтқан видеосы интернет желісінде қызу талқыланып жатыр. Ол бейнежазбадан әншінің ауладағы балалар алаңқайында жасөспірімді боқтап, әлімжеттік көрсетіп жатқанын аңғаруға болады. Ал түсірілімнің қашан пайда болғаны, оқиғаның қай уақытта орын алғаны белгісіз. Ерлан Орынбасаровтың бейнежазбасы алдымен Instagram әлеуметтік желісінде тарады. Онда әнші балалар ойнайтын алаңқайда жасөспірімге қарата боқауыз сөздерін боратып жатыр. 42500.kz парақшасының жазуынша, бұл оқиға Алматы қаласындағы «Таусамалы» ықшам ауданында болған. Өнер адамының неліктен ашуға беріліп, жас баланы сонша боқтағаны әзірге белгісіз. Балалардың көзінше аузына келгенін айтқан әншіні желіде сынап жатқандар көп.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Жаңалықтар/Новости (@42500.kz)

 Ескерту: бейнежазбада бейәдеп сөздер бар. «Жазасын алу керек пе, кешірім сұрап құтыла салады ма?» деп жазады ақпарат көзі. "Есірген екен биті семіріп", "Бұлар сахнада ғана мәдинетті бола калады", "Әншінің жазасын беру керек!", "Мынау сол ғой. Балаға боқтап, сес көрсетпесей. Бір жерің шыдаса маған жазшы, жекеге", "Адам емес, ұялмайсың ба?", «...Шамасы балаға жетіп тұр ма?», .— деген сияқты түрлі пікірлер жазған желі қолданушылары.