Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында "Газпромбанктің" бұрынғы вице-президенті Владислав Аваев пен отбасы өлі күйінде табылды. Baza телеграмм арнасының мәліметіне қарағанда, 51 жастағы бұрынғы банкир 47 жастағы әйелі Елена мен 13 жастағы қызы Марияны тапаншамен атқан. Содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Полиция қызметкерлерінің бұлай топшылауының себебі, қару Аваевтың қолында болған. Аваевтың отбасы мүшелерінің мәйіттері дүйсенбі күні Университетский даңғылындағы пәтерінен табылған, олардың денелерін бірінші болып туысы көріпті. Оның айтуынша, Аваевтардың үйіне ұзақ уақыт бойы телефон шалған, бірақ тұтқаны ешкім көтермеген. Іле-шала өзі іздеп келген пәтерге. Экс-банкир мұндай әрекетке қызғаныштан баруы мүмкін деген болжамдар айтылуда. Ресейлік БАҚтың мәліметінше, Аваевтың әйелі жеке жүргізушісінен жүкті болған. Тергеу барысында анықталғанындай, ер адам әйелінің жүкті екенін біліп, отбасы мүшелерін, кейін өзін өлтірген.