Бюро отырысында күн тәртібі бекітілді
Бюро отырысында күн тәртібі бекітілді
321
оқылды
Кеше Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен өткен бюро отырысында 21 сәуірге жоспар­лан­ған палата отырысының күн тәртібі бекітілді. Бейсенбі күні өтетін Сенат оты­рысында «Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі мен Түркі академиясы арасындағы Түркі академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау ту­ра­лы» заң жобасы қаралатын бо­лады. Заң жобасының мақсаты – Қазақстан Үкіметі мен Түркі академия­сының өзара іс-қимыл тәртібін реттеу. Құжат Қазақстан Респуб­ликасындағы қызметі кезеңінде Түркі академиясы қызметкер­лерінің мәртебесі мен құқық субъектілігін, құқық қабілеттілігі мен құқықтық мәртебесін және тағы да басқа жайттарды анық­тауды көздейді. Бюро отырысында сонымен қатар пысықтау жұмыстарын одан әрі жалғастыру үшін бұрын Мәжілісте мақұлданған заң жо­балары Сенаттың тұрақты коми­теттеріне бөлініп берілді.