7-20-25 жалғаса ма?
7-20-25 жалғаса ма?
404
оқылды
Талайдың баспаналы бо­луына жол ашқан мемлекеттік 7-20-25 бағдарламасы әрі қарай жалғасуы мүмкін. Бұл туралы Индустрия және ин­фрақұрылымдық даму ми­нистрлігі ақпарат құралда­рында хабарлады. «Ипотекалық бағдарламаны әрі қарай жалғастыру туралы ұсыныс бизнес қауымдастықтан түскен болатын. Ұлттық банктің дерегі бойынша, бүгінде резервте осы бағдарламаны іске асыруға арналған 500 млрд теңге бар. Уәкілетті органның ұстанымы бойынша, ипотека нарығын мемлекеттік реттеуден кетіп, нарықтық жолмен дамытуға жол ашу қажет. Оның үстіне, қазіргі ахуалды, жеңілдетілген ипотека­лық бағдарламаның аяқталуы күтіліп отырғанын, біржолғы зей­нетақы төлемдері мен на­рықтық өнімдердің қысқарғанын ескеріп, балама шара ретінде ипотеканы субсидиялау мүмкін­діктерін енгізуді пысықтап жа­тырмыз», – делінген министр­ліктің баспасөз қызметі жа­рия­лаған мәліметте.