4 жаңа партия құрылуы мүмкін
4 жаңа партия құрылуы мүмкін
448
оқылды
Орталық коммуни­кация­лар қызметіндегі баспасөз мәс­лихаты барысында Әді­лет министрі Қанат Мусин 4 бастамашыл топтың партия құ­руға қатысты құжаттары қа­ралып жатқанын айтты. 2019 жылдан бері жалпы саны 10 бастамашыл топ саяси партияларды тіркеуге құжат тап­сырған екен. Оның үшеуі бірінші кезеңнен өткен. Ал екі партия жар­ты жыл бұрын растау алға­нымен, партия құру бағытында одан ары жұмыс жүргізбеген. «Ел тірегі», «Намыс» және «Бәй­терек» партиялары бо­йын­ша бірінші кезең деңгейінде жұмыс жүргізілуде. Яғни, партия құру ниеті туралы хабарлама алын­ғаннан кейін заңға орай тексеру жасалады. Мұны бірне­ше рет айттым. Кемінде 1 мың адам болуы тиіс бастамашыл топ мүшелерінің арасында ЖСН-ы дұрыс емес немесе ЖСН-ы аты­­на, тегіне әкесінің атына сәйкес келмейтін тұлғалар бар. Өкінішке қарай, қаза тапқан аза­маттар, сонымен қатар өзге пар­тияның мүшелері анықталды. Заңға сәйкес, Қазақстан азамат­тары бір ғана партияға мүше бола алады. Сол себепті ол басқа партияның құрылуына қатыса алмайды. Бұл адамдар тізімнен шығарылатындықтан, бастама­шы топтың мүшелерінің саны азайып, заңмен бекітілген шек­тен төмен түсіп кетеді. Осы кем­шіліктердің бәрін жойғаннан кейін бастамашы топ құжаттарын қайтадан өткізіп, бұдан кейінгі кезеңдерге өтуге үміткер бола алады», – деді Қанат Мусин. Қазір Әділет министрлігінің қарауында 4 партияның құжаты жатыр. «Халық дербестігі» пар­тия­сы екінші кезеңге өтіп, заңға сәйкес партия ретінде құрыл­тайшылық съезін өткізуге да­йын­далып жатыр.