Қаңтар оқиғасы кезінде Шымкент әкімдігіне шабуыл жасағандардың саны көп болған.
Бас прокуратура бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, биыл қаңтардың 5-інен 6-ына қараған түні Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасалды.
«Полиция әкімдікке баса-көктеп кірмек болған 3000-нан астам адамды сабырға шақырған. Басқыншылардың көпшілігінде қару болған. Полицейлер резеңке оқ пен жарықты-дыбысты гранаталарын пайдаланғанымен нәтиже болмады. Басқыншылардың үш қарулы шабуылынан кейін қауіп күшейген соң қару қолдану туралы шешім қабылданды. Шабуыл жасаған 20 адам қаза тапты», – деді ол.