Бөбек қарашаңыраққа қайықпен жетті
Бөбек қарашаңыраққа қайықпен жетті
441
оқылды
Желіде ТЖД қызметкерлерінің көмегімен моторлы қайық арқылы «Миялы-Қарабау-Индер» көлік жолының учаскесіне жеткен сәбилі жас ананы туыстары көңілді әнмен қарсы алған видео тарады.   
– Құтқарушылар Миялы ауылында дүниеге келген бөбекті анасымен бірге жолдың арғы бетінен аман-есен өткізіп алды. Жолдың арғы бетінен оларды туған-туыстары әннен шашу шашып қарсы алып, Жангелдин ауылына қарай бет алды, – деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД-нің жұртшылықпен байланыс тобы.
Жангелдин ауылының тұрғыны Миялы ауруханасында босанды. Ойыл суының тасуынан көлік жүретін жолдар жабылғандықтан, жас босанған ана үйге жетер жолдың жартысын моторлы қайықпен өтті. Жас босанған ана мен туыстарына бұл күн есте қаларлықтай болды. https://www.youtube.com/watch?v=r4sEXv098Hc