«АMANAT»-тың баспасөз орталығы ашылды
«АMANAT»-тың баспасөз орталығы ашылды
421
оқылды
Ақпараттық технологиялар мен оның мүмкіндігі қанша жерден қа­рыштап дамып кетті де­генмен әлі де тілшілер қауымы мен министрлік­тер­дің, басқа да құзырлы органдардың бас­пасөз қызметтері арасында жедел ақпарат алмасу проблемасы жиі туындайды. Әсіресе, өңірлік БАҚ-тармен қарым-қатынас орнату қиын. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін кеше «АMANAT» Орталық аппаратында көпфункционалды баспасөз орта­лығы ашылды. Мұнда тұрақты негізде брифингтер, баспасөз конференциялары және медиа саласының өкілдерімен түрлі форматтағы кездесулер өткізіліп тұратын болды. «Ашық партия» тұжырымда­масын іске асыру мақсатында құ­рылған баспасөз орталығы сая­си ұйымның халықпен кері бай­ла­нысын арттыра отырып, ақпа­рат тарату ісіне жаңа тәсілдерді ен­гізуді қалайды. «АMANAT» партиясының Тө­рағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 нау­рызда өткен кезектен тыс съезде саяси ұйымды жаңғыртуға, оның ішінде сайлаушылармен кері бай­ланысты күшейтуге және қоғаммен ашық жұмыс істеуге үн­деген бо­латын. Сол себепті сай­лауалды бағ­­дар­ламаның орын­далуы, де­пу­тат­тық фракцияның жұ­мысы және партиялық жоба­лардың іске асы­рылуы туралы же­­дел ақпарат беру мақсатында бү­­гін көпфун­кционалды баспасөз ор­талығы ашылды. Осы жобаға қо­ғаммен байланыс мәселесіне басымдық беретін Атқару­шы хатшымыз Асхат Ораловтың басынан бастап ерекше қолдау көрсеткенін атап өткім келеді»,– деді «АMANAT» пар­тия­сының хатшысы Ринат Кертаев. АMANAT Баспасөз мәслихатының не­гізгі тақырыптары – «AMANAT» партиясы депутаттық фракция­сының заң шығару бастамалары, қоғамдық кеңестер мен Респуб­ликалық қоғамдық қабылдау бөл­месінің қызметі, партиялық жо­ба­ларды іске асыру және сайлауал­ды бағдарламаның орындалуы бола­ды деп жоспарланған. Сон­дай-ақ мұнда партия өмірінен тыс халық­тың тұрмыс-тіршілігіне қа­­тысты бүгінгі күннің күйіп тұр­ған өткір мә­селелері де талқыла­на­­ды деп топ­шыланып отыр. Ор­­талық қа­жетті мультимедиа жаб­дықта­ры­мен жасақталған. «Орталық партияның күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бо­йынша ақпаратты талқылау және тарату орнына айналуы тиіс. Мұн­да дәстүрлі баспасөз кон­фе­рен­цияларынан бөлек іскерлік әрі бей­ресми жағдайда түрлі кездесу ұйым­дастыру үшін диалог алаңын ұсы­намыз. Баспасөз конферен­ция­­лары партияның әлеуметтік желі­дегі жеке парақшаларында он­лайн режимде көрсетіледі», – дейді баспасөз орталығының же­текшісі Қымбат Қали. партия Баспасөз орталығының құра­мындағы NewsHub.kz интернет алаңы жобасының жетекшісі Ерлан Рамазанов сайттың мақ­саты мен міндеттері «Жаңа Қа­зақ­стан» тұжырымдамасына толық­тай үндесетінін жеткізді. Сондай-ақ ол еститін мемлекет қағидатына сәй­кес жан-жақты хабардар қоғам құ­руға ықпал ете­ді. Осы тұрғыдан ал­ғанда жаңа­лықтарды, баспасөз ха­бар­ла­ма­ларын және мәлімет­тер­ді таратуда жылдамдық пен нақ­тылық прин­ципі сақталады. Бұл халықтың жалған ақпарат­тар­дың жетегінде кетпеуіне көмек­теседі. «Менің көптен бері журна­листер мен баспасөз қызметтерінің арасында ақпарат алмасуды қалай жеделдетсем деген ойым болатын. Интернет алаң осы мақсатқа қол жеткізу үшін дүниеге келді. Жо­ба­ның арқасында кез келген өңірлік БАҚ өзіне қажетті деректі рес­пуб­ликадағы ірі басылымдармен бірге бір мезгілде ала алады. Біздің алаң­­да нақты және шынайы рес­ми мәліметтер ғана таратылады»,– деді жоба авторы. журналистер Сондай-ақ жиын барысында баспасөз саласында жүрген белгілі журналистер, пиар кеңесшілер, блогерлер және тағы басқалар сөз алды. Олар «АMANAT» Орталық аппаратында ашылған көпфунк­ционалды баспасөз орталығының жұмысына сәттілік тілеп, оның ел игілігі үшін қызмет ететініне сенім артты.