Бүгін Қазақстанда телеарна мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатты
Бүгін Қазақстанда телеарна мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатты
Фото: buzzfeed.com
271
оқылды
«Қазтелерадионың» мәліметінше, телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Бүгін сағат 03:00 - 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Сондықтан Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыс сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді.