Қор биржасында доллар сәл қымбаттады
Қор биржасында доллар сәл қымбаттады
© pixabay
328
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,18 тиынға қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 444, 03 теңге. Ұлттық банктің 20 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 443,57 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 444,95 теңге, сатып алу – 448,89 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 445,15 теңгеден болса, сатып алу құны – 447,76 теңге.