Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек астаналықтарды Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан кітап жәрмеңкесіне шақырды. Ол өзінің “Болмаған балалық шақ” кітабы іс-шарада сатылатынын айтып, қолтаңбасының құны 500 теңге тұратынын меңзеген. «Құрметті астаналықтар! Ертең елордада өтетін кітап жәрмеңкесінде автограф-сессия өткіземін, келіңіздер! Аталған шарада “Болмаған балалық шақ” кітабым сатылады. Кітап бағасы: қолтаңбамен - 4500, қолтаңбасыз - 4000 теңге. Баршаңызды күтемін!» деп жазған әлеуметтік желідегі парақшасына. Айта кетейік, бүгін EXPO көрме орталығында «Eurasian Book Fair» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр.