Павлодарда мектептегі өрттен мұғалім зардап шекті
Павлодарда мектептегі өрттен мұғалім зардап шекті
Фото: ТЖД-нен алынды
525
оқылды
Бүгін Павлодарда мектеп өртенді. Өрттен 47 жастағы мұғалім зардап шекті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел орташа дәрежеде улы газдан улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді.
«1975 жылы туған химия пәнінің мұғалімі №1 қалалық аурухананың терапия бөліміне жатқызылды, жағдайы тұрақты», – деді дәрігерлер.
Бұған дейін Павлодарда мектеп өртеніп, 500-ден астам оқушы эвакуацияланғанын хабарлаған болатынбыз.