Кейінгі жылдары қаржы пирамидасына қыруар ақша салып, сан соғып қалғандардың саны артты.Qazaqstan.tv-ның дерегінше, былтыр елде 31 мыңнан астам адам қаржы пирамидасына қаржы салып, 54 миллиард теңгесін жоғалтқан. Полицияда 65 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Мамандар алаяқтарға ең жиі алданатын адамдардың криминологиялық портретін де жасаған.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің тергеушісі Орын Тұрлыбаев: «Қаржы пирамидаларының құрбандары көбісі 31-ден 60 жасқа дейінгі азаматтар. Олардың 74 пайызында жұмыс орны бар, 62 пайызында жоғарғы білім бар», – дейді.