Елордада пранк жасамақ болғандар ұсталды
Елордада пранк жасамақ болғандар ұсталды
273
оқылды
Елордалық полицейлер пранкерлерді ұстап, жазаға тартты. 
«21 сәуір күні сағат 19:28 кезінде «102» пультіне Сейфуллин-Уәлиханов көшелері қиылысында, яғни «Аймақтау» сауда үйінің маңындағы автокөліктің жүк салғышында қол-аяғы байланған жас жігіт жатқаны туралы хабар келіп түсті. Бұл жерге жедел түрде полиция жасағы жіберілді. Сол аумақты шолу кезінде оқиғаға қатысы бар адамдар ұсталды. Олар 19-22 жастағы жастар екені анықталды», - делінген қалалық Полиция департаменті мәліметінде.
Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында қоғамдық тәртіпті бұзғандар әлеуметтік эксперимент жүргізгені белгілі болды. «Байқоңыр» ауданы полиция басқармасының қызметкерлері оларды ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, материалдарды әкімшілік сотқа жолдады.