Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев белгілі журналист Арманжан Байтасовтың YouTube желісіндегі бағдарламасында бірқатар сұрақтарға жауап берген. Онда журналист әкімнің Қайрат Сатыбалдымен қарым-қатынасы туралы сауал қояды. «Бұл – нағыз фейк ақпарат», - деді Қанат Алдабергенұлы.
«Мен ешқашан Қайрат Сатыбалдымен қарым-қатынаста болған емеспін. Бірақ менің қайын атамның есімі – Сатыбалды. Ел үшін еңбек сіңірген азамат», - деді әкім.
Ол биыл 75 жасқа толады екен. Еліміздің еңбек сіңірген құрылысшысы.
«Сонымен қатар, осы жағдайды пайдалана отырып бұрынғы биліктегі отбасыға да ешқандай туыстық қарым-қатынасым жоқ екенін айтқым келеді. Ал бүгінгі күні мені мемлекет басшысының немере інісі деп жүргендердің де сөзі негізсіз, жалған, фейк екенін мәлімдеймін», – деп атап өтті Қ.Бозымбаев.
Ол сұхбат барысында «Жаңа Қазақстанның» қандай болуы керек екенін, Алматы облысының қандай принциптер негізінде бөлінетінін және «Алтын Орда» базарында заңның белден басылғанын атап өтті.