Тарихи құжаттар «қоймасы» қаралады
Тарихи құжаттар «қоймасы» қаралады
896
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның алтыншы отырысының шешімдерін іске асыру шеңберінде Жобалық кеңсе Мемлекеттік комиссияның және өңірлік комиссиялардың жұмыс топтарының басшылары мен өкілдері қатысуымен кеңес өткізді. Отырысқа Мемлекеттік комиссияның және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың өңірлік комиссияларының жұмыс топтарының жетекшілері, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты. Отырыс барысында Мемлекеттік комиссияның және өңірлік комиссиялардың жұмыс топтарының басшылары мен мүшелері маңызды мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Ағымдағы жұмыстар бойынша бірқатар тапсырма беріліп, оны іске асыру бағыттары бойынша әдістемелік нұсқаулар берілді. Мемлекеттік комиссияның хатшысы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев өңірлік комиссиялармен жұмыс істеуге, бірінші кезекте Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары мен өңірлік комиссиялар арасындағы тығыз өзара іс-қимылдың тиімді алгоритмдерін әзірлеуге ерекше назар аударылатынын атап өтті. Облыстық мұрағаттарда іздестіру жұмыстарын жандандыруды, саяси қуғын-сүргін туралы мұрағат құжаттарының топтамасын, терминологиялық глоссарий дайындау және заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеу қажеттігіне тоқталып, ғалымдарға Мемлекеттік комиссия қорытындысының жобасын дайындауды тапсырды. Мемлекеттік комиссия Жобалық кеңсесінің басшысы Сабыр Қасымов Премьер-Министрдің өкімімен Жобалық кеңсенің сапалық құрамы күшейтіліп, мүдделі министрліктер мен ведомстволардан сауатты және білікті мамандар қабылданғанын жеткізді. Жобалық кеңсенің бастамасымен және ғалымдардың ұсыныстары негізінде қуғын-сүргінге ұшырағандарға қатысты ауқымды құпия құжаттық материалдар құпиясыздандырылды. Мемлекеттік комиссия қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін заңнамалық актілерді әзірлеу жұмыстарына кірісті.