Қазақстанда IT идеяларды қолдайтын инвестор табу қиын
Қазақстанда IT идеяларды қолдайтын инвестор табу қиын
448
оқылды
Кеше мемлекеттік сектор және IT-қауымдастықтың жетекші өкілдері, венчурлік қорлар мен бизнес-акселераторлар басшылары Digital Business Day 2.0 форумында бас қосып, Қазақстандағы криптоиндустрия мен инновациялық технологиялар дамуы жайлы әңгіме қозғады. Шыны керек, елімізде ІТ идеяларды қолдайтын инвестор табу қиын. Себебі бұл салаға қалай қаржы құю қажеттігін түсінбейтіндер көп. Стартаптар мен инвесторларға арналған платформалардың негізін қалаушылар осылай дейді. Мамандардың пікірінше, қазір стартаптарға блокчейн технологиясымен криптовалюта арқылы инвестиция тартуға болады. Сондықтан отандастарымыз ІТ, электронды коммерция сияқты  жаңа технологиялар саласында білімін дамыту қажет. IT
Халықаралық инвесторлар мен стартаптарға арналған платформалардың негізін қалаушылар инвестициялармен жұмыс істеуді үйрету біздің мақсатымыз дейді. Өйткені 20 жылға ипотеканы алуға халықтың санасы жетеді де, ал 5 жылға, 10 жылға қандай да бір қызықты идеяларға инвестиция жасау қорқынышты көрінеді. Бұлай жалғаса берсе, Қазақстан экономикасы ешқашан дамымайды. Сондықтан халыққа білім беру, шетелдік тәжірибемен бөлісу олардың басты жоспары екені айтылды.
Қазақстандағы IT-сектордың дамуы туралы Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы төрағасы Сапар Ахметов, ҚР-дағы Эстония Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тоомас Тирс, Astana Hub басшысы Мағжан Мадиев, MOST Ventures басқарушы серіктесі Алим Хамитов, BTS Digital бас директоры Нұртай Абилгалиев сияқты тұлғалар пікір білдірді. IT Форумда сала мамандары блокчейн технологиясының қыр-сырымен бөлісті. Әрі отандық стартап жоба әзірлеушілер венчурлық инвесторларға өз жұмыстарын таныстырды. Сондай-ақ қазақстандық суретшілер қаламынан шыққан тұңғыш NFT-көрмесі өтті.