Өскеменде көлік жүргізушілерінен пара алмайтын полицейлер марапатталды.
Шығыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшыларына параны жол ережесін бұзған жүргізушілер ұсынады.«Айыппұл төлегісі келмейтін жүргізушілер мәселені бейбіт жолмен шешкісі келеді. Яғни, ақша ұсынады. Біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы орайда пара алудан бас тартқан полицейлерді марапаттауды жөн деп ұйғарды», - дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев.Марапатталғандың бірі – аға лейтенант Әлихан Балапанов. «Жол ережесін бұзған азамат хаттама толтыру барысында маған пара ретінде бес мың теңге ұсынды. Мұның заңға қайшы екенін ескерткеніммен, ол азамат көнбеді. Аяғы тиісті орындарға хабарлауға тура келді», - дейді ол.