«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты аймақтық ауызша командалық олимпиадасы өтті
«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты аймақтық ауызша командалық олимпиадасы өтті
1,028
оқылды
2022 жылдың 30 сәуірінде Білім мазмұнын дамыту институтының қолдауымен Алматы облысы, Іле ауданында орналасқан, №47 орта мектепте ғалым, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, Оразахынова Нұрша Алжанбайқызының «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты аймақтық ауызша командалық олимпиадасы өтті.  width= Олимпиаданың ашылу салтанатында ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті Грищенко Валентина Федоровна, Білім мазмұнын дамыту институтының директоры Айткаримов Бауыржан Берікқанұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Балтабаева Жаналик Клышевна, Іле ауданы бойынша білім бөлімі меңгерушісі Каткеева Ләззат Жакыповна құттықтау сөз сөйледі.  width= Олимпиадаға қатысушы оқушылар мен командаларға филология ғылымдарының докторы, профессор, Есенова Калбике Умирбаевна, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қалыбаева Қаламқас Сейдуллаевна, филология ғылымдарының кандидаты, Мұхамади Құралай Төлегенқызы, Бакбергенова Роза Кожабаевна сынды білім саласының майталмандары, Нуптекеева Гулназ Байгонаковна, Оспан Жүзімгүл Амантайқызы, Маликова Арнагүл Мусразовна, Сайдикеева Сауле Ильясовна, Таукенова Бейбитгул Ясыновна, Монтаева Анар Амиргалевна, Жаймбаева Динара Толукбаевна секілді білікті басшылар мен білімді ұстаздар әділқазылық жасады.  width= Олимпиадаға 98 оқушы, 20 команда қатысты. Атап айтар болсақ Алматы қаласы, Алматы облысы, Қызылорда облыстарынан командалар бақ сынады. Олимпида өз деңгейінде тартысты өтті. Барлық командалар «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды орындады. Қазылар алқасы үлкен тартыспен жеңімпаздарды анықтады. Олимпиада соңында барлық қатысушыларға, олардың жетекшілеріне сертификаттар табысталды. Сонымен бірге жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Аймақтық олимпиададан үздік шыққан командаларға халықаралық кезеңге жолдама берілді.  width=