Кентауда екі жасар бала құдыққа құлап кетті
Кентауда екі жасар бала құдыққа құлап кетті
©24.kz
409
оқылды
Түркістан облысы Кентау қаласында екі жасар бүлдіршін суғару каналына құлап кетті. Қазір бүлдіршін медицина қызметкерлерінің бақылауында. «Оқиға 30 сәуірде кешкі сағат 19:47 шамасында орын алған. Бүлдіршін Кентау қаласы, Хантағы ауылындағы диаметрі 500 мм болатын суғару құбырына құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған кезде бала құбырдың 15 метр қашықтығында тұрып қалғаны анықталған. Оны құтқару шараларына облыстық ТЖД 3 қызметкері және 1 бірлік техника жұмылдырылды. Құтқарушылар құбырға кіріп, баланы алып шықты» делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Дәрігерлер баланың жағдайын орташа деп бағалаған. Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.