Павлодардағы колонияда сотталушы өзінің аузын, көзі мен құлағын тігіп тастаған
Павлодардағы колонияда сотталушы өзінің аузын, көзі мен құлағын тігіп тастаған
©tengrinews.kz
441
оқылды
Павлодардағы колониядағы сотталған ер адам аузын, көзі мен құлағын тігіп, аштық жариялады. Сонымен қатар ер адам ел президентіне видеоүндеу жасап, колониядағы қызметкерлерге шағымданған. Бұл деректі Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті тексереді.  Видеодағы ер адам өзін Рустам Сагитов деп таныстырады. Ол қылмыстық іс бойынша өтініштерін қажет инстанцияға жібермеген колония қызметкерлерінің аты-жөнін айтты. Ер адам аштық жариялап, 12 сәуірден бері тамақ ішпеген. Видеода ер адам көзін, аузы мен құлағын тігіп тастаған. Оқиғаға қатысты Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті пікір білдірді. "Сотталған адам жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары АП-162 /4 мекемесінде өтейді. Бұрын екі рет сотталған. Ол бір топ адамдар алдын ала сөз байласып, аса қатыгездікпен жасаған, дәрменсіз жағдайдағы адамды ұрлау және өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылған. Жазаны өтеу кезеңінде үш жаза бар. Биыл сәуірде бұрын салынған жазамен келіспеуіне байланысты денесін зақымдаған", – деді Павлодар облысы бойынша ҚАЖД өкілі. Департамент өкілдерінің мәліметінше, ер адам бұған дейін де соттың шешімімен келіспей, бірнеше рет өзін зақымдаған. Қазіргі уақытта видеоүндеу бойынша қажет тексеріс жұмыстары басталған.