Соңғы жылдары шетелден келген талапкерлер үшін Түркияда білім алу жақсы баламалардың біріне айналды. Жыл сайын шетелден келген көптеген талапкер Түркиядағы университтерге түсуге ынта білдіруде. Білім сапасы мен оқу ақысы мен өмір сұрудің салыстырмалы түрде арзан болуы бұл өтініштердің санын арттыруда. Оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері де студенттерді қызықтырады. Ендеше, шетелдік студенттер елімізде білім алулары үшін не істеу қажет? ОҚУҒА ТАПСЫРУ ШАРТТАРЫН ҮЙРЕНІП АЛЫҢЫЗ
Шетелдік талапкерлер Түркияда мемлекеттік және жеке университеттерге құжат тапсыра алады. Мемлекеттік те, жеке университтерге де түсу талаптары бірдей. Дегенмен, кейбір университтер өз талапкерлерінен қосымша кейбір құжаттар мен қосымша шарттар талап етулері мүмкін. Талапкерлер оқуға түсуге өтініш білдірер алдында университеттің шарттарымен жақсылап танысып алулары керек. Қажет болған жағдайда талап етілген құжаттар дайындалып, тиісті жерлерге тапсырылуы керек. Оқу орындарына қабылдау шарттарын және оқуға тапсыруда қажетті құжаттар міндетті түрде алдын-ала зереленуі қажет.
ОҚУ ШАРТТАРЫН ЗЕРДЕЛЕУ
Сонымен қатар, талапкерлердің Түркияға келмес бұрын немесе оқуын бастамас бұрын алуы керек қосымша ақпараттары да бар. Таңдалынған оқу орны орналасқан қала, қалада орналасу мүмкіндіктері, баспана, көлік және азық-түлікті сатып алу орындары секілді мәліметтерді де зерттеу қажет. Аурухана, қауіпсіздік және мүмкіндігінше сақтандыру шаралары жайлы алдын ала ақпарат алып, тиісті өтініштерді жіберу қажет. Шетелдік студенттер барлық бұл мәліметтерге қоса университет, кафедра, университеттің профессорлық-оқытушы құрамы және өзі тапсырған мамандық жайлы ақпаратты мұқият зерделеуі керек. Олар өздері таңдаған мамандықтың бүгіні мен болашағын да ойластыруы керек.Сондай-ақ талапкерлер өздері таңдаған университеттің шетелдік студенттерге беретін барлық мүмкіндіктері мен артықшылықтары жайлы да ақпарат алуы керек.
ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР КЕРЕК?
Түркияда оқығысы келетін шетелдік талапкерлерге қажетті құжаттар мен шарттар төмендегідей:
Студенттік виза: Қабылдау емтиханын сәтті тапсырған және университетке түсу құқығына ие болған шетелдік студенттерге университетке қабылдау жайлы хат жіберіледі. Шетелдегі талапкерлер осы қабылдау хатымен өз елдеріндегі Түркия консолдығына барып, студенттік виза алулары керек. Түркиядағы талапкерлер Түркияның шетелдік өкілдіктері (Türkiye Dış Temsilcikleri) арқылы студенттік виза ала алады.
Тұруға рұқсат: Түркияда университетте оқығысы келген шетелдік студенттер елде тұруға рұқсат алулары керек. Елде тұруға тұқсатты әрбір қалада орналасқан Көші-қон басқармасы береді. Түркия заңдарына сәйкес шетелдік студенттер шекарадан өткеннен кейін бір ай ішінде тұруға рұқсат алулары керек. Шетелдік студенттердің тұруға рұқсаты жыл сайын жаңартылады.
Қабылдау құжаты: Шетелдік талапкерлер оқуға тапсырған университеттерінің оқуға қабылдау құжаттарын толтырулары қажет.
Толық орта білім аттестаты: Толық орта білімді тәмамдағаны жайлы аттестат немесе сәйкестендірілген құжат (колледж дипломы). (Түрік тіліне аударылып, Түркияның шетелдік өкілдіктері және нотариус бекіткен).
Түрікше транскрипт: Транскрипт талапкердің орта мектепте оқыған пәндерінің аты және алған бағаларын көрсететін құжат. Ол мектеп мөрімен және нотариус пен Түркияның шетелдік өкілдіктері тарапынан бекітілген, түрік тіліне аударылған болуы керек.
Қаржылық кепілдік хаты: Түркияға оқуға келген студенттің материалды қажеттіліктерін қалай қанағаттандыратындығы және тұру, транспорт және оқу секілді шығындарды қалай өтейтіндігін көрсететін құжат.
Тіркелу жарнасы: Университеттің тіркеу жарнасы бар болса төленіп, төлем түбіртегімен бірге тапсырылуы қажет.
Тіл емтиханында біліктілік сертификаты: Тілді меңгеру дәрежесін анықтайтын емтихандардан өте алмаған талапкерлер 1 жыл бойы тілге дайындық курсынан өтеді. Тілді тиісті дәрежеде меңгерген талапкерлер тіл дәрежесін анықтайтын емтихандардан өткеннен кейін университет оқу бағдарламаларына сәйкес өз мамандықтары бойынша сабақтарға қатысу құқығын алады.
Жеткілікті балл: Халықаралық деңгейде мойындалған GCE, ACT, SAT секілді емтихандарда немесе Шетелдік студент емтихандарында (YÖS) жеткілікті балл алу қажет. YÖS емтиханының нәтижесін көрсететін сертификат оқуға түсуге қажетті құжаттардың ішінде болуы қажет. Әрбір университет өзінің YÖS емтиханын ұйымдастырады. Емтихан күндерін, өтініш тапсыру шарттарын және қажетті балл көрсеткіштерін университеттердің веб-парақшаларынан біле аласыз.