Өз жетістігімен басқаларды шабыттандырғандардың университеті: Ыстанбұл техникалық университеті (ITÜ)
Өз жетістігімен басқаларды шабыттандырғандардың университеті: Ыстанбұл техникалық университеті (ITÜ)
537
оқылды
1773 жылы ашылып, Императорлық теңіз инженерлері мектебінің (Mü­hendishane-i Bahr-i Hümâyun) фундаментінде құрылған Ыстамбұл техникалық университеті әлемнің ең ескі техникалық университтерінің бірі. ITÜ ғылыми және технологиялық жетістіктерінің арқасында көптеген жаңалықтарды алғашқы болып ашты: алғашқы текше жерсерігі, алғашқы электрлі минибус, алғашқы сутегімен жүретін қайық, алғашқы автопилотпен жүретін көлік, алғашқы отандық компьютер ITÜ-де ойлап табылды. Әлемдегі алғашқы техникалық университтердің бірі болып табылатын Ыстанбұл техникалық университеті инженерлік және сәулет білімдерін оқытатын үздік оқу орындарының қатарында. Университетіміздің Ыстанбұлдың қақ ортасында орналасқан 5 студенттік қалашығында 14 факультет, 1 консерватория, 6 институт орналасқан, 110 бакалавриат, 188 магистратура және PhD докторантура бағдарламасы бойынша білім беру, оқыту және зерттеу саласында қызмет беріп келеді. ITÜ ғылыми және технологиялық жетістіктерінің арқасында көптеген жаңалықтарды алғашқы болып ашты: алғашқы текше жерсерігі, алғашқы электрлі минибус, алғашқы сутегімен жүретін қайық, алғашқы автопилотпен жүретін көлік, алғашқы отандық компьютер ITÜ-де ойлап табылды. Сонымен қатар Түркияның алғашқы телехабары ITÜ-ден жүргізілді және алғашқы университет радиосы да ITÜ-де құрылды.

Ағылшын тілінде сапалы білім

Ыстамбұл техникалық университетіне түскен студенттер бакалавриатта оқуын бастамас бұрын шет тілін меңгеру деңгейін анықтайтын арнайы емтиханнан өтеді. Емтихан нәтижесіне сәйкес ITÜ Шет тілдері бөлімінде ағылшынша 1 немесе (қажет болған жағдайда) 2 семестр арнайы дайындықтан өтеді. Университет қабырғасында студенттерге 30% немесе 100% ағылшынша білім беретін бағдарлама қарастырылған. Тиісінше студенттер ағылшын тіліндегі ақпаратты оңай меңгеруге, кейін де ғылым жолында ағылшынша ізденіске, ғылыми жетістіктерді оңай меңгеруге мүмкіндік беретін деңгейді ағылшынша игеріп шығады. ITÜ-дің 14 факультетте 86 бакалавриат және 13 халықаралық ортақ бакалавриат бағдарламасын қосқанда жалпы саны 99 бакалавриат бағдарламасы бар.

Университетіміз түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша үздіктердің қатарында

ITÜ түлектері арасындағы қарым-қатынасты тиімдірек ету және өз алаңындағы іс-шаралар мен жобаларды өз түлектеріне жеткізу мақсатында ITÜ түлектерінің ақпараттық порталы құрылды. Портал түлектердің өзара ақпарт алмасуын қамтамасыз ететін электронды деректер базасы ретінде жұмыс істеп қоймай, сонымен қатар халықаралық университеттермен ынтымақтастық құру үшін де өз тиімділігін көрсетті. Бүгінгі таңда порталға (электрондық жүйенің) 50 мыңның төңірегінде мүше тіркелген. ITÜ түлектерінің жалпы жұмысқа орналасу көрсеткіші шамамен 70% құрайды. Мамандықтар бойынша түліктердің жұмысқа орналасу көрсеткіші ең жоғары мамандықтар төмендегідей: математикалық инженерия мамандығы 87,18%, компьютерлік инженерия мамандығы 80,82% және электроника және байланыс инженериясы мамандығы 79,34%. Факультеттер бойынша жұмысқа орналасу көрсеткішін қарасақ 79,75% көрсеткішпен Компютер және информатика факультеті үздік тұрғандығын байқауға болады.

Әлемде ең көп аккредитацияға ие университет

ITÜ 25 аккредитациямен инженерлік бағдарламаларда әлемнің ең көп ABET аккредитациясын иеленген университет. Аккредитация – халықаралық ұйымдардың қолданбалы ғылым, техника, технология және информатика салаларында жоғары оқу орындарының бағдарламаларын сараптау барысында халықаралық деңгейде сапалы білім беретін университттерге беріледі. Өткен аккредитациялардың арқасында ITÜ-де алатын біліміңіз халықаралық деңгейде мойындалған болады. Университетіміз YÖKAK, ABET, NAAB, IMO және IFLA секілді ұйымдардан аккредитациядан өтті.

Ыстамбұлдың қақ ортасында 5 студенттік қалашық

Университет ғылыми ортадан басқа студенттері үшін әлеуметтік және мәдени дамуға мүмкіндік беретін орта да ұсынуы қажет. ITÜ-дің Ыстамбұлдың орталығында әлеуметтік және мәдени жерлерге жақын орналасқан 5 студенттік қалашығы бар. Университетіміздің негізгі студенттік қалашығы Аязағада үлкен аумақта орналасқан. Бұған қоса университетіміздің теңіз жағасында Тузла студенттік қалашығы, Ыстамбұлдың ең әдемі тарихи ғимараттарының қатарында орын алатын Гүмүшсую, Мачка және Ташкышла ғимараттарында да кампустары бар. Бұл да біздің маңызды артықшылығымыздің бірі деп білеміз.

400-ден астам зертхана

Әлемнің үздік зерттеу университеттерінің қатарында орын алатын ITÜ-де көптеген зертханалар бар. Университет 400-ден астам зертханасының арқасында бакалавриат және магистратура студенттерінің кәсіби жетілуіне толық мүмкіндік береді. Сонымен қоса университет білім беру алаңына сәйкес тиісті секторларда көптеген зерттеушілермен бірігіп жұмыс жасайды. Университет қабырғасында тек бакалавриат студенттеріне арналған 215 зертхана жұмыс істейді: олардың 72-і тікелей ғылыми-зерттеу саласы бойынша, қалған 135 зертхана студенттердің басқа да қызығушылықтарына арналған.