Оқушылар әскери-патриоттық сайысқа қатысты
Оқушылар әскери-патриоттық сайысқа қатысты
507
оқылды
«AMANAT» жастар қанаты ұйымдастырған Qaisar әскери-патриоттық жобасына қазір жоғары сыныптың 2 мыңға жуық оқушысы қатысып жатыр. Еліміздің барлық өңіріндегі жоғары сынып оқушылары Qaisar-дың финалына шығу үшін әскери өмірдің қыр-сырын үй­ре­ніп, жүгіру мен жүзуден жа­ры­сып, «Менің елім – Қазақ­стан» та­қырыбындағы вик­то­ри­на сайы­сында бақ сынады. Ұйым­дас­тырушылардың ай­туын­ша, жо­баның басты мақ­са­ты – өске­лең ұрпақтың әскери қыз­метке деген қызығушылығын ар­ттыру. «Жастар өздерінің физи­ка­лық дайындығын, ерік-жігері мен төзімділігін көрсетті. Бұл ойын­дар оларды саламатты өмір сал­тын ұстануға ғана емес, өз­дері үшін, жақындары үшін, Ота­ны үшін жауапкершілікті се­зінуге де баулиды. Сол арқылы жас­тардың бойында патриоттық рух қалыптасады», – деп атап өтті «AMANAT» жастар қанаты­ның төрағасы Нұржан Жетпіс­баев. Сонымен қатар еліміздің жо­ғары сынып оқушылары үшін Отан қорғаушылар күніне орай­ластырылған «Сарбаз болғым ке­леді» акциясы өтуде. Ол әс­ке­ри бөлімдердің аумағында ашық есік күні түрінде өтіп жатыр. QAISAR диалог алаңы да ерек­ше назар аударуға тұрарлық. Онда оқушылар әскери қызмет ту­ра­лы сұрақтарына жауап алып, қазақстандық сарбаздар­дың, офицерлер мен ерлік көрсеткен азаматтардың батыр­лығы туралы мәліметтерге қа­ны­ға алады. «Біз бұрын өзіміз де білмеген жаңа қырымызды ашып жа­тыр­мыз. Бір-бірімізбен таныстық, жаңа достар таптым. Мұндай жа­рыстар тек денемізді шынық­ты­рып қана қоймай, бойымызда жо­ғары моральдық қасиеттерді де қалыптастыратыны анық», – деп өз әсерімен бөлісті Батыс Қа­зақстан облысынан келген қа­тысушы Николай Ленский. Айта кетейік, биыл 4, 5 ма­мыр күндері Нұр-Сұлтан қала­сын­да финалдық кезең өтеді. Оған 102 финалист қатысады. Жеңімпаздар арнайы сыйлық­тармен марапатталады.