Қаржы нарығын зерттеді
Қаржы нарығын зерттеді
357
оқылды
Кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қаржы» кафедрасының профессоры Ботагөз Сапарова жыл сайынғы дәстүрге айналған іскерлік ойын түріндегі қорытынды сабағын өткізді. Тақырыптың өзектілігі әлемдік қаржы дағдарысының қазіргі жағдайымен, постпандемия кезеңімен, Ресейдегі ең ауыр санкциялық жағ­дай­ларда кәсіпорындардың қаржы­лық дәрменсіздігі мен банкроттығы проблемасының өзекті болуымен байланысты. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес құрылымдарының өкілдеріне арнаған Жолдауында: «Біздің Жаңа Қазақстанымыз бәсекеге қабілетті халықаралық деңгейдегі мамандарды қажет етеді» деп айтқан болатын. Мұндай іскерлік ойын форматындағы сабақтың мақсаты кәсіпорындардың қаржылық аналитикасы бойынша студенттердің білімін тереңдету, қаржылық дәрменсіздік пен банкроттықтың алдын алу. – Ойынды дайындау және өткізу процесінде алған білім, білік және дағды студенттерге курстық жұмыста, өндірістік және диплом алдындағы практикада, дипломдық жұмыста, сонымен қатар одан әрі кәсіби қызметте қажет болады, – дейді профессор Ботагөз Сапарова. Осындай форматтағы іс-шаралардың нәтижесінде жастар сұранысқа ие жұмысқа орналаса алады. Сабақ соңында қатысушылар үшін арнайы диалог алаңы ұйымдастырылды.