Алматыда жанармай құйылған цистерна өртеніп жатыр - ТЖД
Алматыда жанармай құйылған цистерна өртеніп жатыр - ТЖД
427
оқылды
Алматы қаласында жанармай немесе өзге сұйықтық сақтайтын цистерналар өртеніп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, мұнда темір жол вокзалының қоймасы болған. Оқиға орнында жүрген құтарушылар бұл цистерналарда спирт болған дейді. Жалынның қарқыны өте күшті. Өрт сөндірушілер келгенімен, өшіріп үлгермей жатыр. Қанша адам зардап шеккені де белгісіз, қоймадағы заттар мен түрлі материалдар әлі отқа орануда. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін кешкі сағат 20:20 шамасында Жетісу ауданына қарасты Ангарская көшесі 97 А мекенжайындағы өрт туралы хабарлама түскен. "Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жоғары рангі бойынша өрт сөндіру жұмыстарына жұмылдырылды. Жетісу ауданында жанар-жағармай құйылған автоцистерна отқа оранды. Өрттің жақын орналасқан вагон типті цистерналарға, резервуарға таралу қауіпі бар", - деп хабарлады ведомствадан.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от TOPPRESS. Новости Казахстана (@toppress_kz)

Оқиға орнында жеке құрам қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жұмыс істеп жатыр. Жедел штаб құрылып, көрші резервуарларды салқындатуға өрт оқпандары берілді. Өртті сөндіруге 28 техника мен жеке құрамның 80 адамы жұмылдырылған.