Түлектер қандай мамандық таңдағаны дұрыс? Министр зерттеу нәтижесімен бөлісті
Түлектер қандай мамандық таңдағаны дұрыс? Министр зерттеу нәтижесімен бөлісті
462
оқылды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасына қазақстандық жасөспірімдердің мамандық таңдауы туралы ойын жазды. «Бүгін білім сапасы бойынша елдердің рейтингісі ретінде жиі қабылданатын зерттеу туралы жазғым келеді. Әңгіме PISA зерттеуі туралы болып отыр», - деген ведомство басшысы PISA-ның көптеген рейтингтен айырмашылығы - ұпайларды ғана емес, сонымен бірге контекстік факторларды да зерттейтінін айтады. «Осындай факторлардың бірі – 15 жастағы оқушылардың мансаптық жоспарлары. Осы туралы қысқаша түсіндіре кетейін.
  1. Қазақстанда жасөспірімдердің жартысынан көбі кең таралған мамандықтарды таңдайды.
  2. Зерттеудің барлық үш циклінде мансаптық таңдаудың алдыңғы қатарында дәрігер мамандығы тұр. Мысалы, жалпы тәжірибелік дәрігер PISA-2022 (9%), PISA-2015 (10%) және PISA-2018 (5%) зерттеуінде ең жиі таңдалған.
  3. Жасөспірімдердің педагог мамандығына қызығушылықтары айтарлықтай артқанын зерттеулер де көрсетті. Менің ойымша, бұл - біздің мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған жұмысымыздың нәтижесі. Зерттеудің үш циклі ішінде осы мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылардвң үлесі екі есеге немесе 5%-ға өсті. Атап айтқанда, осы мамандықты таңдау бойынша PISA 2015 зерттеуінде 7-орын болса, ал PISA-2022-де 2-орынға дейін көтерілді. 2022 жылы оқушылардың 9%-ы «Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім» мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдады.
  4. PISA-2022 зерттеуінің қорытындысы бойынша таңдаулы мамандықтардың алғашқы ондығына АКТ мамандықтары кіреді деп күтіліп отыр.
  5. Сонымен қатар жиі таңдалатын мамандықтардың ондығына жаңа мамандықтар енді. Бұл - «Стоматологтар» (4%), «Тауарлар мен киім дизайнерлері» (3%), «Ғимараттар мен құрылыстардың сәулетшілері» (3%), «Спорт жаттықтырушылары, нұсқаушылары және спорт саласындағы мамандар» (2%), «Психологтар» (2%), «Косметологтар және олармен байланысты мамандар» (1%), «Жарнама және маркетинг саласындағы мамандар» (1%), «Графикалық және мультимедиялық дизайнерлер» (1%).
Жақында мектеп түлектеріне жазған хатымда айтқан болашақ мамандықты таңдауға қатысты ұсыныстарымды тағы да еске салғым келеді», - деген Асхат Қанатұлы.