Қазір қазақ сыныптарының білім деңгейі орыс сыныптарынан әлдеқайда жоғары – Аятжан Ахметжан
Қазір қазақ сыныптарының білім деңгейі орыс сыныптарынан әлдеқайда жоғары – Аятжан Ахметжан
616
оқылды
Белгілі педагог, қоғам белсендісі Аятжан Ахметжан қоғамда қалыптасқан «қазақ тіліндегі сыныптардың білім сапасы төмен» деген түсініктің қате екенін айтты. Ол бұл жайында «Сұрауы бар» Youtube арнасының қазақ тіліне арналған подкастында сөз қозғады.
«Шала сауатты мұғалім қазақ мектебінде ғана бар деген ақымақтық. Осы саланы зерттеуші ретінде нақты цифрлармен дәлелдеп бере аламын. Егер үздік он мектеп болса, соның алты-жетеуі қазақ, үш-төртеуі аралас, тек бір-екеуі ғана орыс мектебі. Оны пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар нәтижесінен-ақ көруге болады. Иә, кезінде 9 орыс, 1 қазақ мектебі болған уақытта бәсекелесе алмады. Сол кезде қазақ мектебінін сапасы төмен еді. Біз сол психологиядан арыла алмай жүрміз. Қазір керуен кері айналып кетті», - деді педагог.
Оның пікірінше, ұстаздық мамандыққа түсушілерге талаптың жоғарылауы да қалыптасқан жағдайды өзгертіп жатыр.
«Мұғалімдікті соңғы 2-3 жылдыққа дейін ҰБТ-да ең төмен балл алған, басқа салаға түсе алмағандар таңдады. 90-жылдардан 2000 жылдарға дейін ер ұстаздардың басқа салаға кететіні кетіп қалды. Сауатты мұғалімдердің ең жасы 55-тен асып кетті. Ал соңғы буын енді көтеріліп келе жатыр. Мұғалімдікке түсу үшін ең жоғары балл алуың керек. Сондықтан жекелеген факторларды жалпы түйін ретінде қарастыру – ақымақтық», - деді ол.
Еске салайық, жақында бір топ ата-ана елордадағы бір мектепте шу шығарып, орыс сыныбын ашуды талап етті. Ішінде «Путинге хат жазып, шағымданамыз» дегендері де болған. https://www.youtube.com/watch?v=HwkcBDZ5Vm0&t=2018s