Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
861
оқылды
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Бюрода стрестік активтер нары­ғын дамыту мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы заң жоба­сын қарау ұсынылды. Үкіметтік заң жобасы стресті активтердің өтім­ді нарығын дамыту және стрес­ті активтерді экономикалық айналымға тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақ­сарту мәселелері туралы заң жо­басын екінші оқылымда қа­рай­тын болады. Сонымен қатар па­латаға Қазақстан мен Қырғыз Рес­публикасы арасындағы Ми­нистрлер кабинеті «О­р­талық Азия өңірінің қауіп­сіз­дігін қам­тамасыз етуде әскери-тех­ни­ка­лық жәрдем көрсету тура­лы ке­лісімді ратификациялау ту­ралы» заң жобасын қарау ұсы­нылады. Мәжілістің палата ко­митеті ал­да­ғы жалпы отырыста аза­мат­тар­дың төлем қабілеттілігін қал­пына кел­тіру және банкрот­тығы тура­лы және оған ілеспе заң жо­ба­ларын жұмысқа алады.