Ақмола облысында иттің көмегімен полиция кісі өлтірген күдікті ұсталды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 6 мамыр сағат 17:45 шамасында Целиноград аудандық ПБ кезекші бөлімшесіне Талапкер ауылында ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түседі.
Үй маңынан табылған 26 жастағы жігіттің кеудесінің сол жақ тұсына пышақ сұғылған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының құрамында кинолог та жіберіледі.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Альфа» атты қызметтік иттің көмегімен 19 жастағы жергілікті тұрғын - жәбірленушінің туысы күдікті ретінде ұсталды. Ол уақытша оқшаулағышқа қамалып, үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалды», – деді полицейлер.