Байқоңырда Ұлыбритания мен Беларусь азаматтары ұсталды
Байқоңырда Ұлыбритания мен Беларусь азаматтары ұсталды
429
оқылды
"Байқоңыр" ғарыш айлағының аумағында танымал британдық блогер Бенджамин Рич пен Беларусь азаматы Зелупа Алина ұсталды. Бұл туралы Ресейдің Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин  Telegram-арнасында жазды. "Сағат 18:10-да (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:10) "Оңтүстік" ғарыш орталығынан (Байқоңыр) 112 ұшыру алаңы маңында (қазақстандықтарға тиесілі "Буран" кешені) Ұлыбритания азаматы блогер Рич Бенджамин мен Беларусь азаматы Алина Зелупа ұсталғаны туралы хабарлама түсті. Екеуі де Байқоңыр Ішкі істер басқармасында. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген жазбада. Ақпарат көзінің дерегінше, заңсыз әрекеттерді ұйымдастыруда Бенджамин мен Залупаны байланыстыратын қатынас анықталу үстінде. Бенджамин Рич - 4 миллионға жуық оқырманы бар танымал youtube-блогер. Bald and bankrupt-арнасында ол бұрынғы Кеңес Одағы мен Азия елдеріне саяхаты туралы бейнероликтер жариялайды.