Атырауда нөсерден кейін 7 тұрғын үй мен 25 көше су астында қалды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше сағат 21:00-ге дейін 7 жеке тұрғын үй, 15 аула мен 25 көшені жаңбыр суы басқаны анықталды.
«Толассыз нөсер жауыннан Атырау қаласының аумағында 36 мм ылғал түсті. Бұл – айлық нормадан артық ылғал. Нөсердің салдарынан қаладағы тұрғын үй мен аула, көшелерді басқан су деңгейі 15 сантиметрге дейін көтерілген. Осы уақытқа техниканың көмегімен 2 679 текше метр су сорылды. Жаңбыр суын сору жұмысы жалғасып жатыр. Осыған орай арнайы штаб құрылды», – деді департамент өкілі.