Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде стипендиялар ұсынуға уағдаласты
Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде стипендиялар ұсынуға уағдаласты
537
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында екі ел үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Келісімнің басты бағыттары: оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуы. Білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу. Өзара негізде білім алушылардың ғылыми және мәдени жобаларға қатысуын ынталандыру. Ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізу. Бірлескен бағдарламалар негізінде білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту. Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамыту», - деп жазады министр.
Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін стипендиялар ұсынады. Министр атап өткендей, сапар барысында биыл Түркиядан Қазақстанға өткізілетін Халықаралық Түркі академиясының Ғылыми кеңесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды.