Президенттің Түркияға сапары аяқталды
Президенттің Түркияға сапары аяқталды
Фото: Борт N1 Telegram-каналы
355
оқылды
Мемлекет басшысын Анкараның халықаралық әуежайында Түркияның вице-президенті Фуат Октай шығарып салды.
"Екі күнге созылған мемлекеттік сапардың негізгі түйіні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен жүргізілген жан-жақты келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар әртүрлі салаларда ынтымақтастықты нығайта түсетін бірқатар маңызды үкіметаралық келісімдерге қол қойылды", – деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы түрік бизнесінің ірі өкілдерімен кездесті.
"Олармен кездесу екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізері сөзсіз.  Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қол жеткізілген барлық уағдаластықтың орындалуы оның жеке бақылауында болады", – делінген хабарламада.