Доллар тағы 7,47 теңгеге арзандады
Доллар тағы 7,47 теңгеге арзандады
© pixabay
383
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7,47 теңгеге арзандады. 1 доллар 434,97 теңге болды. Ұлттық банктің 12 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 442,61 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 435,75 теңге, сатып алу – 440,48 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 435,20 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 438 теңге.