Референдумда халық даусы шешуші рөл атқарады - Мәжіліс депутаттары
Референдумда халық даусы шешуші рөл атқарады - Мәжіліс депутаттары
501
оқылды
AMANAT партиясының республикалық штаб мүшелерінің өңірлердегі кездесулері жалғасуда. Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары бүгін Ақмола, Алматы, Маңғыстау облыстарында жалғасты. Партияның фракциясының мүшелері – Асқарбек Үйсімбаев, Юлия Кучинская, Мәди Елубаев Бурабай ауданының Кіндікқарағай ауылындағы сүт-тауарлы фермасының еңбек ұжымымен кездесті. Онда халық қалаулылары сайлаушыларға референдумның мән-маңызын түсіндірді. Депутаттардың айтуынша бұл науқан «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы алғашқы нақты әрі батыл қадам. Өйткені, мемлекеттік құрлыстың құқықтық негізін құрайтын Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер халық талқысына шығарылып, барша қазақстандықтардың ой-пікірін ескере отырып, қабылданғалы отыр.
"Біз болашақ даму жолымызды бүкіл ел болып бірлесе шешкелі отырмыз. Бұл қадам ел ертеңі үшін әрбір азаматтың ой-пікірінің қаншалықты маңызды екенін, жаңа мемлекет құруда өзінің де үлес салмағы барын сезінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ортақ ұмтылысымыздың нәтижелі болатынына еш күмән жоқ", – деді депутат Асқарбек Үйсімбаев.
 width= Депутаттар өзгеретін 33 баптың әрқайсына тоқталып, әсіресе, Президент пен Парламент өкілеттігіндегі жаңашылдықтарға айрықша назар аударды. Өз кезегінде, кездесуге қатысқан ферма қызметкерлері референдумды қолдайтындықтарын айтты.
"Біз Президентіміздің «Жаңа Қазақстан» құру бағытындағы барлық бастамаларын білеміз. Бүгін осы тақырып төңірегінде мазмұнды әрі әсерлі әңгіме болды. Біз шағын ұжым болсақ та референдумға атсалысып, дауыс береміз. Президентті қолдаймыз", – деді мал дәрігері Бейсенбай Ахметов.
Ал Мәжіліс депутаттары – Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев Мұнайлы ауданының жұртшылығымен кездесті.  width= Жиында депутаттар референдумның маңыздылығына тоқтала келе, халық даусының шешуші рөл атқаратынын, оған әр азаматтың атсалысуы керектігін атап өтті.
"Референдумға қатысып, конституциялық реформаларды қолдауымыз керек. Ол біздің жүрек қалауымызбен үндес. Сондықтан тұрғындар оның мән-маңызын жете түсіне білуі қажет", – деді ардагер Қалнияз Оңдабаев.
Алматы облысының, Қарасай ауданында Мәжіліс депутаттары Данияр Әлімбаев пен Мақпал Тәжмағанбетова да халықпен жүздесті. Оған аудан ақсақалдары, қоғамдық пікір көшбасшылары, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдары, кәсіподақтар өкілдері мен журналистер қатысты. Халық қалаулыларының пікірінше, ел тағдырын анықтайтын реформаларға тек депутаттар ғана емес, бүкіл халық атсалысуы қажет.