Түркіменстанда тұратын 500-ге жуық отандасымыз Атажұртына қоныс аударды
Түркіменстанда тұратын 500-ге жуық отандасымыз Атажұртына қоныс аударды
483
оқылды
Түркіменстаннан 490 этникалық қазақ тарихи Отанына қайтатынын мәлімдеді сол елдің turkmen.news басылымы. «2 маусымда “Туркмендемиреллары” (Түркіменстан темір жолы) агенттігі Түркіменстанның 490 азаматын, яғни этникалық қазақтарды Қазақстанға тұрақты тұруға алып шығады. Бұл шешімді 11 мамырда аурудың таралуына қарсы күрес жөніндегі төтенше комиссиясы Қазақстан елшілігінің өтініші бойынша қабылдаған”, – деп жазды ақпарат көзі. Дереккөздің хабарлауынша, Түркіменбашы – Берекет – Серхетяка – Болашақ бағыты бойынша жолаушыларды жөнелту үшін пойыз ұйымдастырылады. “Болашақ” бағытында түркімен локомотиві қазақстандыққа ауыстырылады, ал жолаушылар Жаңаөзен станциясына дейін жеткізіледі. Сол жерден пойыз Түркіменстанға қайтады. Басылым өткен жылы Түркіменстаннан 161 қазақ пойызбен шығып, тарихи Отанына оралғанын еске салды. Азаматтарымыз бұл сәтті бір жылдан аса күткен. Айта кетейік, 2020 жылы 319 адам Түркіменстан азаматтығынан бас тартқан, оның ішінде 70-і этникалық қазақтар.