Қызылорда облысында жұмыс іздеген 16 тұрғын алаяқтың арбауына түсіп қалды, – деп жазады Polisia.kz.
«Теңіз» кен орнына жұмысқа орналастырамыз» деп 16 тұрғынды алдап соққан алаяқтар ұсталды.
Жәбірленуші 16 тұрғын 7 мамырда Байқоңыр полициясына арызданған.
Биыл наурыз-сәуір айларында екі азаматша WhatsApp мессенджері арқылы «топ құрамында ақшалай сыйақымен Атыраудағы Теңіз мұнай компаниясына жұмысқа орналастырып береміз» деп сенімге кіріп, әрқайсысынан 150-200 мың теңгені Kaspi Gold-қа аудартып алған.
Жәбірленушілерге келген шығын көлемі үш миллион теңгеге жуық. Полицейлер екі күдікті азаматшаны анықтап, ұстады. Екеуі де Қызылорда облысының тумасы.
https://youtu.be/k39Pzj8hexM
Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.