Елнұр Бейсенбаев ұстаздар қауымы және жастармен кездесіп, референдумның мән-жайын түсіндірді
Елнұр Бейсенбаев ұстаздар қауымы және жастармен кездесіп, референдумның мән-жайын түсіндірді
©azattyq-ruhy.kz
1,048
оқылды
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев референдумды халыққа түсіндіру мақсатында Алматы қаласындағы ұстаздар қауымымен және жастармен кездесті. Іс-шарада педагогтармен Ата Заңдағы жер және жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені туралы нормалар  талқыланды. –Педагогтардың мәртебесін көтеру бойынша соңғы 3 жылда жасалған реформалардың нәтижесінде жалақының едәуір көтерілгенін мұғалімдер нақты сезінді. Сондықтан қазіргі саяси реформалардың оңтайлы өзгерістерге бастау болатын тізбегіне ең жоғарғы сенім артып отырғандар да біздің ұстаздарымыз, – деді Елнұр Бейсенбаев. Депутаттың айтуынша конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүм­кіндігін арттырып, алдағы уақытта әлеуметтік әділеттіліктің орнауына түрткі болатынына ұстаздар қауымы қолдау білдіріп отыр. Сонымен қатар депутат бұл саяси өзгерістер ең алдымен жастар санаты үшін маңызды екенін ескере отырып, белсенді жастармен жүздесіп, реформаның мән-жайын түсіндірді. Қазақстанда 11,8 млн.астам адам сайлауда дауыс беру құқығына ие, ал олардың 5,2 млн. (43%) 35 жасқа дейінгі жастар. Яғни, іс жүзінде әрбір екінші дауыс беруші адам жастардың өкілі. – Осыған байланысты, еліміздің әрбір жас адамы Конституцияға енгізілетін түзетулер Тәуелсіз Қазақстан тарихында жаңа тарауды ашатынын түсінуі тиіс, – деді депутат Елнұр Бейсенбаев.