"Дене шынықтыру" сабағында ұлдар мен қыздар екі топқа бөлінуі мүмкін
"Дене шынықтыру" сабағында ұлдар мен қыздар екі топқа бөлінуі мүмкін
© egemen.kz
2,311
оқылды
"Технология" және "Дене шынықтыру" пәндерін өткізуге сыныптың толымдылығына қарамастан ұлдар мен қыздар топтарына бөлу туралы қағида енгізілуі мүмкін" деп мәлімдеді Білім және ғылым министрлігі жанындағы Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова, – деп хабарлады informburo.kz.
"Өзін-өзі тану пәнінің үлгілік оқыту жоспарынан алып тасталуына байланысты өзін-өзі тану курсын "Оқыту курсы ерекшеліктері" деген №19 бөлімге өзгерістер енгізіліп, мазмұны қысқартылды. Сондай-ақ, "Көркем еңбек" пәнінің 1-4-сыныптарда "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері", 5-9-сыныптарда "Технология" мен "Бейнелеу өнері" пәндеріне бөлінуіне байланысты осы пәндерді оқыту ерекшеліктері бөлімдерімен толықтырылды", – деді Гүлмира Кәрімова.
Комитет төрайымы "Технология" және "Дене шынықтыру" пәндерін өткізуге сыныпты толымдылығына қарамастан, ұлдар мен қыздар топтарына бөлу туралы қағида, 1-сыныпта тілдерді оқытуға байланысты өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін де айтты.
"Оқу бағдарламаларын жетілдіруге байланысты "жаһандық құзіреттер" бөліміне өзгерістер қарастырылған. "Жаһандық құзіреттер" курсы 2-11-сыныптарда оқытылады. Курс мазмұны үш мақсатқа бағытталған: зерттеу, талдау, бағалау, рефлексия, қарым-қатынас, тұтастық. Барлық оқыту тәрбие процесінің ұйымдастырылуы балалар жылы шеңберінде жүзеге асады", – деді Гүлмира Кәрімова.