XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындары мәресіне жетті. Бұл туралы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мәлімдеді.
«Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен жазғы Сурдлимпиада ойындары аяқталды. 1-15 мамыр аралығында өткен жарыста әлемнің 73 елінен 2 500-ге жуық спортшысы өнер көрсетіп, бақ сынады. Байрақты бәсекеде Қазақстан спортшылары 28 медальға қол жеткізді. Оның 3-еуі алтын, 7-еуі күміс және 18-і қола», – делінген ведомство хабарламасында.
Орталықтың жазуына қарағанда, Қазақстан бұл нәтижемен жалпы медальдық есепте 13-орынға орналасты. Тізімнің топ басында 137 медальмен Украина тұр. Екінші орынды 54 медальмен АҚШ еншіледі. Үздік үштікті 40 медальмен Иран спортшылары түйіндеді.