Белгілі актер Алмат Сақатов тележүргізуші Диана Қырықбайды «рухани мүгедек» деп атады. «Оған ренжіп, жүйкелеріңізді құртпай-ақ қойыңыздар! Өмір өзі орнына қояды!», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына. «Желіде «сексуальная» деген сөзді аударғаны үшін бір қызды жерден алып, жерге салып жатыр екен. Расында да басы істемейтін, есалаңдау адам. Қайтесіздер? Ондай рухани мүгедектерге ренжіп те керегі жоқ. Ондай сөзді мен айтпаймын, сіздер айтпайсыздар. Оны сөз қылып, атақты қылып жатсыздар. Оны ұмытып кету керек. Баяғыда бір кісіге келіп «Мен сізге жаңалық айтайын» деген кезде, оған ақсақал «Ол жаңалығың жағымды ма?» десе, «Жоқ» депті. «Ол жаңалықтың маған пайдасы бар ма?» десе, «Жоқ» депті. «Саған пайдасы бар ма?» десе, «Жоқ» депті. «Онда несіне айтасың? Айтпай-ақ қой» депті. «Атың шықпаса, жер өрте» деген бар. Миы жетпесе, қайтеміз енді. Ол қазіргі қоғамдағы дұрыс емес нәрселер. Сондықтан рухани мүгедектерге ренжуге болмайды. Қайтесіздер, одан да үлкен мәселелер жетеді», – деді Алмат Сақатов.