Ертең Алматыда шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында қазақ телевизиясының майталманы, комментатор Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді. Еліміздің 8 өңірінен барлығы 16 команда қатысады.
Саналы ғұмырын журналистикаға арнап, халықтың мұң-мұқтажын қаламмен тербей білген Аман ағамыз былтыр 52 жасында мәңгілік мекенге аттанып кетті. Алайда, футболды өзімен егіз қойған ағамыз өмірінің соңына дейін спортпен айналысты.
Амангелді Сейітхан атындағы алғашқы турнир Отбасының ұйымдастыруымен өтеді. Турнир аясында Амангелді Сейітханның құрметіне шығарылған «Жеңісті күндерде жүздескенше» кітабының тұсауы кесіледі.
Турнирге қатысатын командалар: