Өскемендік оқушылар антисептик шашатын робот жасады
Өскемендік оқушылар антисептик шашатын робот жасады
569
оқылды
Өскемен қаласында биылғы Балалар жылына орай оқушылар мен студенттер арасында IT-фестиваль өтті. ҚазАқпарат тілшісі «New generation» деп аталатын фестивальге облыстың түкпір-түкпірінен мектеп оқушылары мен колледж, университет студенттері қатысқанын жазды. Білім саласындағы ауқымды ІТ-көрмеде балалар мен жастар өз жобаларын көрсетіп, ой-пікір, тәжірибе алмасты.
«Бүгін фестивальде өз жобамызды – антисептик шашатын роботты ұсынып отырмыз. Ол датчик арқылы жұмыс істейді, қазақ тілінде еркін сөйлейді және коронавирус инфекциясының алдын алу туралы нұсқаулар береді. Қазір бұл роботты мектебімізге орнатып қойдық», - дейді О.Бөкей атындағы №44 лицей-мектебінің оқушылары Ділназ Нәбиолда және Дияс Ермұханбетов.
Қатысушылар 6 бағыт бойынша өз жұмыстарын ұсынды, атап айтқанда Kids Skills, Maker Fest, Junior Skills, Startup-жобалар, Robotime, ClusterPro. Олардың ішінде қауіпсіздікті ұйымдастыруға, ойын ойнауға, оқытуға қатысты жоба жасағандар болды. Фестиваль барысында ғылыми ойын-сауық алаңы ұсынылды. Мұнда келушілер заманауи технологиялар саласындағы соңғы жетістіктермен танысуға мүмкіндік алды.