Жыл басынан бері 92 баланы көлік қақты
Жыл басынан бері 92 баланы көлік қақты
403
оқылды
Елімізде әрбір бесінші жол-көлік оқиғасынан кәмелетке толмаған бала зардап шегеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлім етті. Жол-көлік оқиғасынан зардап шегетін балалардың дені көлік ішінде болады. Көп жағдайда ересектер көлікте тасымалдау ережесін сақтамай, яғни балаларды арнайы құралсыз немесе белбеумен бекітпей тасымалдайды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі - жол белгісі жоқ жерден кесіп өту немесе бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда өтіп кетеді. Кейде жақындап қалған көліктің алдынан кесіп өтіп жатады. Жыл басынан бері ел аумағында 92 кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі тіркелді. Оның ішінде 5 бала қаза тауып, 97-сі жарақат алған.