Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7,56 теңгеге арзандады. 1 доллар 416,91 теңге болды.
Ұлттық банктің 24 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 424,84 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 417,64 теңге, сатып алу – 422,44 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 416,14 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 419,59 теңге.