Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманын әшкереледі, ол «Ж» ЖШС директорынан ЖШС пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде 40 млн теңге пара алды деп күдіктелуде, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.
Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.
"Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды. Күдіктіге қатысты кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайды, – делінген хабарламада.