ҚазҰУ жерінің бір бөлігін жекеменшікке беру кезінде заңбұзушылықтар анықталды
ҚазҰУ жерінің бір бөлігін жекеменшікке беру кезінде заңбұзушылықтар анықталды
437
оқылды
Алматы прокуратурасы қаланың жер ресурстарын басқару департаментіне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) жер учаскесін беру кезіндегі бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жасады. Бас прокурор Берік Асылов "Ақ жол" фракциясының депутаттық сауалына жауап бере отырып, 2012 жылғы 30 қаңтарда ҚазҰУ әкімшілігінің шешімімен ауданы 73,26 гектар жер берілгенін еске салды.
"2017 жылдың 2 қазанында қала әкімдігі осы учаскенің шекарасын түзету туралы қаулы қабылдап, оның көлемін 1,82 гектарға азайтты. Учаскенің 0,74 гектары Оmirex ЖШС-на және 0,56 гектары коммуналдық қызметтерге кетті. Сонымен қатар, Ш.А.Мұстафаев 0,52 гектарды алған", - делінген жауапта.
Сонымен қатар, Асылов Жер кодексінің 48 және 82-баптары бұзылып, Алматы әкімдігі Оmirex ЖШС-ге жер учаскесін сауда-саттықсыз және оған ҚазҰУ-дың жер пайдалану құқығы тоқтатылғанға дейін бергенін атап өтті.
"Сондықтан Алматы прокуратурасы Жер ресурстарын басқару департаментінің атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді", - деді Бас прокурор.
Қазіргі уақытта бұл ұсыныс қаралып жатыр.